Қазақстанның ватерполшы қыздары Қазанда ірі жеңіске жетті

Фотография - Қазақстанның ватерполшы қыздары Қазанда ірі жеңіске жетті

Қазан қаласында өтіп жатқан су спорты түрлері бойынша әлем чемпионатында Қазақстанның ватерполшы қыздар құрамасы кеше, 30 шілде күні Жаңа Зеландия командасымен кездесіп, қарсыластарын ойсырата жеңіп шықты.

366 0

Қазан қаласында өтіп жатқан су спорты түрлері бойынша әлем чемпионатында Қазақстанның ватерполшы қыздар құрамасы кеше, 30 шілде күні Жаңа Зеландия командасымен кездесіп, қарсыластарын ойсырата жеңіп шықты. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Ақ Еділ жағасындағы қалада аталмыш жаһандық жарыс 24 шілдеде басталды. Ол 9 тамызда өз мәресіне жетеді.

Қазақстанның су добынан әйелдер құрамасы турнирдің топтық кезеңінің соңғы матчын Жаңа Зеландия жасағымен өткізді. Ойын 14:4 (3:0, 4:0, 4:1, 3:3) қазақстандықтардың пайдасына шешілді. Осылайшы 1 рет жеңіске жеткен біздің қыздар топтағы 4 команданың арасында үшінші болды. Соңғы орында Жаңа Зеландия құрамасы қалды. Алғашқы екі сатыны бұған дейін қазақстандықтарды тізе бүктірген Испания және Канада жасақтары алды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!