Пауэрлифтинг. Алматыда ашық Азия чемпионаты аяқталды

Фотография - Пауэрлифтинг. Алматыда ашық Азия чемпионаты аяқталды

Алматыда елімізде тұңғыш рет өткен пауэрлифтингтен ашық Азия чемпионаты аяқталды. Тірек-қозғалыс мүшелері зақымданған спортшылар арасындағы сайыста Қазақстан құрамасы 2 күміс және 3 қола жүлдеге қол жеткізді.

193 0

Алматыда елімізде тұңғыш рет өткен пауэрлифтингтен ашық Азия чемпионаты аяқталды. Тірек-қозғалыс мүшелері зақымданған спортшылар арасындағы сайыста Қазақстан құрамасы 2 күміс және 3 қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының" баспасөз қызметі хабарлады. Атлеттеріміздің арасындағы ең жоғары нәтиже Раушан Қойшыбаеваның еншісіне жазылды. 67 кило салмақта сынға түскен Раушан соңғы мүмкіндігінде 106 кило зілтемірді еркін көтеріп, екінші орынға табан тіреген-тін. Оның бұл нәтижесі қоржынға екі бірдей медаль салуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, қорытынды есепте спортшымыз ашық Азия чемпионатының және Азия чемпионатының жүлдегері атанып, қос күміс медальді мойнына тақты. Өзге жүлдегерлерге келсек, Гүлбану Әбдіхалықова (50 кг.) мен Нәдіржан Хамруллаев (80 кг.) қола медальға қол жеткізді. Сонымен бірге, жастар арасындағы бәсекеде Ақжол Жарылғапов та үздік үштіктен көрінді. Осы сайыстағы ең айтулы оқиға ирандық Сиаманд Рахманның жаңа рекорды болды. +107 кило салмақ дәрежесінде бақ сынаған оның бұған дейінгі рекорды 292 кило еді. Алматыдағы жарыстың соңғы күні парсы атлеті 295 килоны ырқына көндіріп, кезекті рет әлем рекордын жаңартты. Жалпы есепте Қытай пауэрлифтингшілері топ жарды. Екінші орыннан Нигерия құрамасы көрінсе, үздік үштікті Иран түйіндеді. Тірек-қозғалыс мүшелері зақымданған спортшылар арасындағы келесі дүбірлі дода күзде жалауын көтереді. Қарашаның 24 күні Венгрияның Егер қаласында Еуропаның ашық чемпионаты өткізілмекші.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!