Надаль Гамбургтегі жеңісінен кейін теннис рейтингінде тоғызыншы орынға көтерілді

Фотография - Надаль Гамбургтегі жеңісінен кейін теннис рейтингінде тоғызыншы орынға көтерілді

Испандық Рафаэль Надаль Гамбургтегі турнирде титулды еншілегеннен кейін Кәсіби теннисшілер қауымдастығы рейтингінде тоғызыншы орынға жайғасты

385 0

Испандық Рафаэль Надаль Гамбургтегі турнирде титулды еншілегеннен кейін Кәсіби теннисшілер қауымдастығы рейтингінде тоғызыншы орынға жайғасты, деп хабарланды ұйымның ресми сайтында.

Надаль финалда итальяндық Фабио Фоньиниді 7:5, 7:5 есебімен ұтып, рейтингте бір сатыға көтерілді.     

Көш бастап тұрған - сербиялық  Новак Джокович, швейцариялық Роджер Федерер - екінші, британдық  Энди Маррей - үшінші орында.

  КТҚ рейтингі,   3 тамыздағы нұсқа:

1 (1). Новак Джокович (Сербия) - 13 845 ұпай,

2 (2). Роджер Федерер (Швейцария) - 9665,

3 (3). Энди Маррей (Ұлыбритания) - 7840,

4 (4). Станислас Вавринка (Швейцария) - 5790,

5 (5). Кэй Нисикори (Жапония) - 5525,

6 (6). Томаш Бердых (Чехия) - 5140,

7 (7). Давид Феррер (Испания) - 4325,

8 (9). Марин Чилич (Хорватия) - 3495,

9 (10). Рафаэль Надаль (Испания) - 3410,

10 (8). Милош Раонич (Канада) - 3400.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!