"Абердин" мен "Қайрат" кездесуін "Kazsport" арнасы көрсетпейді

Фотография - "Абердин" мен "Қайрат" кездесуін "Kazsport" арнасы көрсетпейді

"Қайрат" футбол клубының шотландық "Абердин" клубына қарсы қарымта ойынын "Kazsport" телеарнасының эфирінен көрсетпейді

236 0

"Қайрат" футбол клубының шотландық "Абердин" клубына қарсы қарымта ойынын "Kazsport" телеарнасының эфирінен көрсетпейді.

Еуропа Лигасының үшінші іріктеу раундының аясында "Қайрат" пен "Абердин" командалары арасындағы екінші кездесу 6 тамыз күні Абердин қаласында (Шотландия) өтеді. Алайда шотландиялық телевизия өкілдері бұл ойынның түсірілімін көрсетпейді. Бұл туралы "Kazsport" телеарнасының өкілдеріне жолдаған ресми хаттан белгілі болды.

– Осы маусымда еурокубок ойындарында біздің командалардың қатысуымен өткен матчтардың біразын көрсете алмадық. Әрине ойындарды көрсету бар күшімізді салып отырмыз. Мысалы, "Астана» және "Марибор" футбол құрамаларының арасындағы қонақ кездесудің бірінші ойынның телевизиялық көрсетілімін көрермендерімізге ұсына алмадық. Словенияның телеарналары Мариборда өткен матчты түсіруден де, көрсетуден де бас тартты, себептерін түсіндіруден де бас тартты. Біз соңғы уақытқа дейін сол матчты көрсету үшін бар күшімізді салдық, алайда қолымыздан келмеді, "Абердин" мен "Қайрат" арасындағы матчты да көрсетуге мүмкіндік болмай тұр, – дейді "Kazsport" телеарнасының бас продюсері Павел Цыбулин.

Айта кетейік, "Қайрат" пен "Абердин"арасындағы бірінші кездесу 30 шілде күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтті. Ол матч 2:1 есебімен "Қайраттың" жеңісімен аяқталды. "Kazsport" телеарнасы бұл матчты тікелей эфирден көрсеткен болатын.

 

baq.kz

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!