ХИК ойыншыларының "Астана-Аренаға" көңілі толмады

Фотография - ХИК ойыншыларының "Астана-Аренаға" көңілі толмады

"Астана-Арена" стадионында жаттығу жасаған ХИК (Финляндия) ойыншыларының спорттық нысанның жағдайына көңілі толған жоқ

128 0

"Астана-Арена" стадионында жаттығу жасаған ХИК (Финляндия) ойыншыларының спорттық нысанның жағдайына көңілі толған жоқ деп хабарлайды Yle басылымы. 

Басылымның хабарлауынша, қазақстандық тарап фин футболшыларына әдейі кедергі келтіріп отырған көрінеді. ХИК ойыншылары әсіресе, стадиондағы жарықтандыруға көңілі толған жоқ. УЕФА талаптарына сәйкес, ойын кезінде де, жаттығу кезінде де жарықтандыру мөлшері бірдей болу керек деп жазады Yle.

Айта кетейік, бүгін кешкі сағат 20.00-де Еуропа Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің үшінші айналымында елордалық "Астана" мен Финляндияның ХИК командалары қарымта кездесу өткізеді. Матч "Астана-Арена" стадионында өтеді. Алғашқы ойын 0:0 есебімен аяқталған.

 

 

baq.kz

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!