"Астана" ХИК командасын жеңіп, Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті (бейне, сурет)

Фотография - "Астана" ХИК командасын жеңіп, Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті (бейне, сурет)

Чемпиондар лигасының үшінші квалификациялық кезеңі аясында "Астана Аренада" "Астана" футбол клубымен финляндиялық ХИК арасында ойын өтті, деп хабарлайды Today.kz.

753 0

Чемпиондар лигасының үшінші квалификациялық кезеңі аясында "Астана Аренада" "Астана" футбол клубымен финляндиялық ХИК арасында ойын өтті, деп хабарлайды Today.kz. Бір ғана ұпай айырмашылығымен астаналық команда Чемиондар лигасының келесі квалификациялық айналымға өтті. Ойын 4:3 есебімен аяқталды.

Брінші минуттан бастап ақ қарсылас команда шабуылға көшті,  ойынның төртінші минутында финляндиялықтардың шабуылшысы Осман Джаллоу Ненада Эричтің қақпасынан саңылау таба білді – 0:1.
Жіберілген голдан соң астаналықтар қарсылас команда қақпасына шабуылды үдетет түсті, соның өзінде финдік футболшылар қауіпті қарсы шабуылдар жасап, соның ішінде біреуі табысты болды. Ойынның 42 минутында ХИК-тің қорғаушысы Гидеон Бах айып сызығына жүгіріп келіп "Астаны" командасының қақпашысы Ненада Эричтің қателігін пайдаланып есепті еселеді – 0:2.
Екі минутқа жеткізбей, қожайындардың легионері Патрик Твумасидің шірене соққан добы Даниэл Эрлунның қақпасына дөп кірді. Бастапқыда қақпашы допты қайтарғандай болды, бірақ "теңбіл доп" қақпа ішінде болды – 1:2.
Екінші таймның басталған уақытта финдік команданың қорғаушысы өз айып сызығында қолмен ойнады, соған орай ойынның бас төрешісі израйльдік Алон Йефет пенальти белгіледі. Роджер Каньяс он бір метрлік айып добын тура орындап есепті теңестірді – 2:2. Есеп теңескен соң алаң қожайындары шабуылды тоқтатпады.
56 минутта қарсыластардың қақпасына қарай сол жақ қанатпен бұзып-жарып шыққан  Дмитрий Шомко фантастикалық соққы жасады.
Ойынның аяқталар уақытында, 86 минутында ХИК-тің ойыншысы Эрфан Зенели төреші белгілеген он бір метрлік айып добын орындап есепті теңестірді – 3:3. Тең ойын қонақ командаға тиімді еді, сондықтан олар қорғанысқа толығымен көшті. Қазақстандық команда төртінші голды тырысып бақты. Негізгі уақытқа қосылған уақыттың үшінші минутында Евгений Постников өз командасын алға алып шықты – 4:3. Бұл жеңіс "Астана" футбол клубына Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтуге мүмкіндік берді.
Айта кету керек, ойынды тамашалауға WBA/IBO орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксер Геннадий Головкин келген.
Еске сала кетейік, Хельсинкиде өткен командалар арасындағы алғашы ойын 0:0 есебімен аяқталған болатын.

 

 

 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!