713

Алматыда гандболдан жастар арасында Азия чемпионаты басталды

Бүгін Алматыда гандболдан жастар арасындағы 13-ші Азия чемпионаты басталды. "Достық" спорт кешенінде жалауы желбіреген жарысқа тек әйелдер командалары қатысуда.
Фотография - Алматыда гандболдан жастар арасында Азия чемпионаты басталды

Бүгін Алматыда гандболдан жастар арасындағы 13-ші Азия чемпионаты басталды. "Достық" спорт кешенінде жалауы желбіреген жарысқа тек әйелдер командалары қатысуда. Бұл туралы Қазақстан гандбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Чемпионатта Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея, Иран, Өзбекстан және Тәжікстанның жастар құрамалары бақ сынайды. Осы жарыста 2016 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына жолдама беріледі.

Отандық мамандар Қазақстанның финалға шығатынына зор сенім артып отыр. Сонымен қатар, биыл келер жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға іріктеу сайыстары өтетіні белгілі. Атап айтқанда, осы жылдың қазан айында Жапонияда әйелдер құрамасы Олимпиада жолдамасын сарапқа салады. Ал жастар құрамасында ойнайтын қыздарымыздың көпшілігі негізгі құрама сапында да өнер көрсетеді. Сол себепті, біз үшін Алматыдағы сайыстың маңызы жоғары. Жастар арасындағы Азия чемпионаты 14 тамызға дейін жалғасады.

 

Загрузка...