"Қайрат" Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде

Фотография - "Қайрат" Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде алматылық "Қайрат" сырт алаңда Шотландияның "Абердин" командасымын тең ойнап плей –офф кезеңіне жолдама алды

147 0

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде алматылық "Қайрат" сырт алаңда Шотландияның "Абердин" командасымын тең ойнап плей –офф кезеңіне жолдама алды. 

 

Ойын барысында басымдылық алаң иелерінің жағында болғанымен, Владимир Вайсстың шәкірттері қорғанысты нық ұстап, оңтайы келгенде, қарсы шабуылдауға тырысты. Бұл тактика екінші таймда өз жемісін берді. 59-минутта «Абердин» қақпасының алдындағы қарбалас сәтті шебер пайдаланған "Қайраттың" мерген ойыншысы Жерар Гоу есеп ашты. Кездесу соңына таман алаң иелерінің шабуылы үдей түсті. 84-минутта айып добын беру сәтінде Кенни Маклин қақпа бұрышын дәл көздеді. Соңғы секундтарда "Қайраттң" қақпашысы Владимир Плотников керемет шеберлік көрсетіп, қақпасын аман алып қалды. Сөйтіп тартысты ойын 1:1 есебімен аяқталып, екі кездесу қорытындысымен (Алматыдағы матчта алаң иелері 2:1 есебімен ұтқан болатын) "Қайрат"плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Еске салсақ, бұған дейін "Астана" командасы чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын. Сонымен, биыл қазақстандық командалар өз тарихында үздік табыстарына қол жеткізіп отыр.

"Қайрат" пен "Астананың" келесі қарсыластары бүгін жеребе нәтижесінде белгілі болады. 

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!