"Kazakhstan open-2015" гольф турнирінің жүлде қоры 450 000 еуро болды

Фотография - "Kazakhstan open-2015" гольф турнирінің жүлде қоры 450 000 еуро болды

Алматыда 10-13 тамыз күндері 11-ші халықаралық "Kazakhstan Open-2015" гольф турнирі өтеді. European Challenge Tour турының аясында өтетін дүбірлі додада 132 кәсіби спортшы бақ сынамақ

153 0

Алматыда 10-13 тамыз күндері 11-ші халықаралық "Kazakhstan Open-2015" гольф турнирі өтеді. European Challenge Tour турының аясында өтетін дүбірлі додада 132 кәсіби спортшы бақ сынамақ. 

ҚР Гольф федерациясы хабарлағандай, олардың көбі European Challenge Tour рейтингінің көшбасшылары. Ал Қазақстанның намысын 5 спортшы қорғайды. 

Биылғы турнирдің жүлде қоры 450 000 еуро болды.

ҚР Гольф федерациясы президенті Серік Сұлтанғалиевтың айтуынша, "Kazakhstan Open" ҚР Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанды шетелдіктерге таныстыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылып келеді. Аталған спорттық байқау елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға көмектеседі. 

"Kazakhstan Open" European Challenge Tour ішінде ең беделді турнирлердің біріне айналды. Мұнда атақты гольф жұлдыздары Майкл Каймер, Альваро Кирос, Эдуардо Малинари, Томми Флитвуд өнер көрсеткен. 

European challenge tour ойыншыларының рейтингі турнирлерде ұтқан ақшасының көлеміне байланысты құрылады. Бір маусым ішінде осы рейтингтің 20 үздіктерінің қатарына енгендер Еуропаның ең жоғарғы лигасы - European tour-ға жолдама алады. 

Биылғы "Kazakhstan open-2015" "Nurtau" гольф-клубының 18 алаңында өтеді. European Chellenge Tour директоры Нил Бриггс спорт кешенінің дайындығын жоғары бағалады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!