Стивенсон: $20 млн доллар төлесеңдер Головкинмен кездесуге дайынмын

Фотография - Стивенсон: $20 млн доллар төлесеңдер Головкинмен кездесуге дайынмын

Ауыр салмақта WBC тұжырымының чемпионы Адонис Стивенсон гонорар мәселесі шешіліп жатса, орта салмаққа түсіп, Головкинмен қолғап түйістіруге дайын екенін мәлім етті.

266 0

Ауыр салмақта WBC тұжырымының чемпионы Адонис Стивенсон гонорар мәселесі шешіліп жатса, орта салмаққа түсіп, Головкинмен қолғап түйістіруге дайын екенін мәлім етті.

«Мен кәсіпқой бокстағы карьерамды 168 фунттан бастағанмын, бұл салмаққа қайта оралып, жекпе-жек өткізуге әлі де шамам келеді. Тек, гонорар мәселесінде келісімге келсек болғаны. 20 млн доллар төленсе, Головкинмен кездесуге дайынмын», - дейді Стивенсон

Айта кету керек, Головкин бүгінге дейін кәсіби бокста 33 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен (30 КО), ал Стивенсон шаршы алаңға 28 рет шығып, 27 қарсыласынан басым түскен (21 КО), 1 рет жеңілген.

 

 

Bnews.kz.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!