"Астана" жанкүйерлері "Астана" – АПОЭЛ матчын Елордада өткізуді талап етуде

Фотография - "Астана" жанкүйерлері "Астана" – АПОЭЛ матчын Елордада өткізуді талап етуде

"Астана" клубының жанкүйерлері ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне хат жазып, Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіндегі "Астана" – АПОЭЛ арасындағы матчты Астанада өткізуді сұрады.

399 0

"Астана" клубының жанкүйерлері ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне хат жазып, Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіндегі "Астана" – АПОЭЛ арасындағы матчты Астанада өткізуді сұрады.

"Чемпиондар Лигасының "Астана" – АПОЭЛ матчы астаналық жанкүйерлер үшін өте маңызды әрі тарихи оқиға. Матчтың күні Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлайтын күнмен тұспа-тұс келіп отыр екен. Біз бұл шараның басқа күнге немесе басқа орынға ауыстырылуын талап етеміз, себебі, бұл қазақстандық клубтың барлық жанкүйерлері мен өзге де азаматтарының мүддесі үшін қажет", - деп жазылған хатта.

Естеріңізге саламыз, "Астана" мен АПОЭЛ арасындағы матчты 18 тамыз күні Алматыда өткізу жоспарланған болатын, ал қарымта кездесу 22 тамызда Кипрде өтеді.

 

Bnews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?