Пакьяо Мэйуэзермен қарымта кездесуге құлшынып отыр

Фотография - Пакьяо Мэйуэзермен қарымта кездесуге құлшынып отыр

Танымал боксшы Мэнни Пакьяо америкалық Флойд Мэйуэзермен жекпе-жекке шығатын болса, физикалық жағынан да, психологиялық та дайындықпен келетінін мәлімдеді

193 0

Танымал боксшы  Мэнни Пакьяо америкалық Флойд  Мэйуэзермен жекпе-жекке шығатын болса, физикалық жағынан да, психологиялық та дайындықпен келетінін мәлімдеді. 

 Бұл туралы филиппиндік боксшы америкалық Fightnews  сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.  

Өзінің соңғы айқасында Мэйуэзер 3 мамырда Лас-Вегаста Пакьоны жеңіп, 66,68 дейінгі салмақта Дүниежүзілік боксшылар ұйымы, Дүниежүзілік боксшылар қауымдастығы, Дүниежүзілік боксшылар кеңесі - үш белдікті біріктірген болатын. Көптеген сарапшылар «ғасыр жекпе-жегі» атаған бұл жұдырықтасу 118:110, 116:112, 116:112 ұпай саны бойынша  төрешілердің бірауызды шешімімен америкалықтың жеңісімен аяқталды. Алайда 7 шілдеде америкалық ДБҰ титулынан айырылды.

"Келесі жылы Мэйуэзермен қайта кездескім келеді.  Оған моральдық та, физикалық та дайындықпен келемін. Осы жолы өзімді дәлелдейтін боламын", - деді Пакьяо.

Кәсіби рингте Пакьяо 57 рет басым түскен (38 нокаут), 6 жеңіліс және 2-еуі тең.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!