Зарина Дияс ресейлік А.Павлюченковамен Торонто турнирінде күш сынасады

Фотография - Зарина Дияс ресейлік А.Павлюченковамен Торонто турнирінде күш сынасады

Канаданың Торонто қаласында теннистен халықаралық турнирдің алғашқы айналымында Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс ресейлік Анастасия Павлюченковамен күш сынасады.

115 0

Канаданың Торонто қаласында теннистен халықаралық турнирдің алғашқы айналымында Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс ресейлік Анастасия Павлюченковамен күш сынасады.
Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, хард алаңында өтетін жарыстың жүлде қоры 2,377 млн. АҚШ долларынан асады. Онда әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильмстен бастап ресейлік Мария Шараповадан басқа маңдайалды теннисшілердің бәрі дерлік өнер көрсетеді.

З.Дияс пен А.Павлюченкованың қай жеңгенін осы турнирдің алтыншы ракеткасы, поляк қызы Агнешка Радваньска күтіп тұр.

Айта кетейік, өткен аптада аяқталған Вашингтон турнирінде З.Дияс бірінші айналымнан аса алмаса, А.Павлюченкова табысты ойнап, финалға дейін жетті. Соның нәтижесінде Анастасия кеше жаңартылған әлемдік рейтингте 40-ыншы орыннан 32-інші сатыға көтерілді. Ал 32-інші орындағы Зарина керісінше екі сатыға төмен сырғып кетті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!