Қызылордалық шахматшы Назерке Нұрғали Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді

Фотография - Қызылордалық шахматшы Назерке Нұрғали Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді

Үстіміздегі жылдың 3-11 тамыз аралығында Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында 8, 10, 12, 14, 16, 18 жастағы шахматшылар арасында Азия чемпионаты өтті

573 0

Үстіміздегі жылдың 3-11 тамыз аралығында Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында 8, 10, 12, 14, 16, 18 жастағы шахматшылар арасында Азия чемпионаты өтті.

Дүбірлі додаға 16 мемлекеттен спортшылар қатысты. Қазақстаннан 12 спортшы бақ сынап, жалғыз медальді қызылордалық Назерке Нұрғали еншіледі. 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында сынға түскен Назерке швейцар жүйесі бойынша классикадан 9 турда 6 ұпай жинады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Үстіміздегі жылдың 24 қазан-7 қараша аралығында Грецияда жасөспірімдер арасында өтетін Әлем чемпионатының алдында 16-28 тамыз күндері Алматыда болатын Қазақстан кубогының 4-ші кезеңіне № 1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілері Назерке Нұрғали, Самал Әбдуәли, Әсел Серікбай және Сұлтан Аманжолдар қатысып, шеберліктерін шыңдайды.  


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!