"Барыс" Президент кубогін жеңіп алды

Фотография - "Барыс" Президент кубогін жеңіп алды

Астаналық "Барыс" хоккей клубы ҚР Президенті кубогі үшін болған жарыстың финалында «Адмиралмен» (Владивосток) кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ойын тағдыры қосымша овертаймда шешілгендігін айта кетейік

183 0

 

Астаналық "Барыс" хоккей клубы ҚР Президенті кубогі үшін болған жарыстың финалында "Адмиралмен" (Владивосток) кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ойын тағдыры қосымша овертаймда шешілгендігін айта кетейік, деп жазды baq.kz.

Алғашқы кезеңде қос команда да бірін бірі ала алған жоқ. Ал, екінші кезеңнің бірінші минутында Брендон Боченский дәл соққысымен "Барысты" алға шығарған. Дегенмен, араға аз уақыт салып Максим Мамин таразы басын теңестірді. Мұнан кейін астаналық команда сапынан Евгений Рымарев көзге түскенімен, Константин Макаров есепті тағы да теңестірді.

Қос команда үшінші кезеңде есепке өзгеріс енгізе алған жоқ. Барлық мәселе овертаймда шешілді. "Барыс" сапынан Роман Старченко дәл соққысымен көзге түсіп, астаналық командаға жеңіспен бірге ҚР Президентінің кубогін де алып берді.

Ал, жарыстың үшінші орны Ханты-Мансийсктен келген "Юграға" бұйырды. Аталған команда қола жүлде үшін болған кездесуде "Металлургтен" (Новокузнецк) басым түскен болатын. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!