Астана - АПОЭЛ футбол матчы кезінде жол қозғалысы шектеледі

Фотография - Астана - АПОЭЛ футбол матчы кезінде жол қозғалысы шектеледі

Тамыздың 18 күні сағат 22:00-де "Астана Арена" стадионында Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі бірінші футбол матчы - "Астана" мен АПОЭЛ (Кипр) арасындағы кездесу өтеді. "Астана Арена" стадионына кіру билет бойынша жүзеге асады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

380 0

Тамыздың 18 күні сағат 22:00-де "Астана Арена" стадионында Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі бірінші футбол матчы - "Астана" мен АПОЭЛ (Кипр) арасындағы кездесу өтеді. "Астана Арена" стадионына кіру билет бойынша жүзеге асады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осыған орай, сағат 20:00-ден бастап Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран аумағында, сондай-ақ, Керей-Жәнібек хандар мен Хусейн Бен Талал көшелерінде жол қозғалысы шектеледі. Айналып өту маршруты - Орынбор көшесі.

Көрермендерді жинау және жеткізу үшін Астана қаласы әкімдігі бөлген арнайы автобустар қатынайды. Атап айтқанда, аталмыш қоғамдық көліктер "Қазақстан" спорт кешені, "Салтанат Сарайы", Елордалық цирк, "Әзірет Сұлтан" және "Нұр Астана" мешіті, Қ. Мұнайтпасов атындағы стадион тұрағы мен Ақжайық көшесінде орналасқан К. Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры алдында тұрады.

Сонымен қатар, қоғамдық тәртіп пен футбол матчы кезіндегі қауіпсіздікті сақтау үшін ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының 2 мыңға жуық сарбазы күшейтілген режимде өз қызметтерін атқарады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!