Қазақстандағы бұқаралық спорттың даму көрсеткіші 25%-дан асты

Фотография - Қазақстандағы бұқаралық спорттың даму көрсеткіші 25%-дан асты

Еліміз бойынша бұқаралық спорттың даму үлесі 25,1%-ға жеткен. Яғни, Қазақстанда 4 млн 300 мыңнан аса адам тұрақты дене шынықтыруға көңіл бөліп, салауатты өмір салтын ұстанады деген сөз. Бұл туралы бүгін Қазақстандағы Спорт күніне арналған салтанатты жиын барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті

203 0

Еліміз бойынша бұқаралық спорттың даму үлесі 25,1%-ға жеткен. Яғни, Қазақстанда 4 млн 300 мыңнан аса адам тұрақты дене шынықтыруға көңіл бөліп, салауатты өмір салтын ұстанады деген сөз. Бұл туралы бүгін Қазақстандағы Спорт күніне арналған салтанатты жиын барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

«Елімізде қалыптасқан игі дәстүр бойынша тамыз айының үшінші жексенбісі бүкілхалықтық  спорт күні мерекесі. Спорт  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше назарында. «Дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті болатынын» ескерген Президент бұқаралық спорт қозғалысын дамытуды мемлекеттік саясаттағы стратегиялық бағыттың бірі ретінде танып, «Жаңа онжылдық  жаңа экономикалық өрлеу» атты Жолдауында 2020 жылға қарай республика тұрғындарының 30 пайызын дене шынықтыруға тартуды мақсат етіп қойды. Соңғы жылдары спорт нысандарын салу, спортшыларымызды халықаралық жарыстарға дайындау сияқты басым бағыттағы істерге көп назар аударып жүрміз. Бұл ретте, балалар мен жасөспірімдер  арасында спортты дамыту ісі бірінші кезекте тұрған мәселе. Осы орайда, 2015 жылдың сәуірінде басталған «президенттік тесттердің» нәтижелері бір көрсеткіш болмақ», - дейді министр.

А.Мұхамедиұлы министрліктің қызметкерлерін,  еліміздегі бүкіл спортшылар мен бұқаралық спортты сүйетін барша жұртшылықты Қазақстандағы Спорт күнімен құттықтай келе, өңірлердегі жағдайға тоқталды.

«Еліміздің аймақтарында халықтың тұрғылықты жеріне байланысты спорттық шаралар көп өтетін болған. Қазір еліміз бойынша үздіксіз жұмыс істеп тұрған 125 кәсіби спорт клубына 35 мың адам, соның ішінде екі мыңға жуық ауыл адамдары тұрақты түрде барып, дене шынықтыруға көңіл бөліп жүр. Жалпы, Қазақстан бойынша бұқаралық спорттың даму үлесі 25,1%-ға жеткен. Яғни, Қазақстанда 4 млн 300 мыңнан аса адам тұрақты дене шынықтыруға көңіл бөліп, салауатты өмір салтын ұстанады деген сөз. Тағы да ұмыт қалдыруға болмайтын бір мәселе  спорт саласындағы заңнамалық жүйені жетілдіре түсу. «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында Мәдениет және спорт министрлігі халықаралық тәжірибені негізге ала отырып, спорттың дамуын қамтамасыз ететін бір пакет нормативтік құжаттар әзірлеуде», - деді А.Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелер туралы» ҚР Президентінің Жарлығына сай, елімізде тамыздың үшінші жексенбісі бүкілхалықтық Спорт күні ретінде тойланады


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!