Бүгін Қазақстанда Спорт күні өтіп жатыр

Фотография - Бүгін Қазақстанда Спорт күні өтіп жатыр

«Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелер туралы» ҚР Президентінің Жарлығына сай, елімізде тамыздың үшінші жексенбісі бүкілхалықтық Спорт күні ретінде тойланады. Осы кәсіптік мерекеге орай Астана қаласында бүгін бірқатар спорттық жарыстар өтеді.

139 0

«Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелер туралы» ҚР Президентінің Жарлығына сай, елімізде тамыздың үшінші жексенбісі бүкілхалықтық Спорт күні ретінде тойланады.  Осы кәсіптік мерекеге орай Астана қаласында бүгін бірқатар спорттық жарыстар өтеді.

Атап айтсақ, бүгін «Аружан» ойын-сауық орталығында балаларға арналған ойын-сауық шаралары ұйымдастырылып, елорда тұрғындары арасында спорттық гимнастика мен армрестлингтен турнирлар ұйымдастырылады. Спорттық шаралар сағат 16.00-ден басталады.

Кеше  «Барыс» спорт кешенінде елорда тұрғындары мен қонақтары коньки теуіп әрі жуырда ғана ашылған кешеннің көркін қызықтаған болатын. Таңғы сағат 10.00-ден бастап осы кешеннің алдында гір көтеруден, стритбол мен армрестлинг спорт түрлерінен бұқаралық жарыстар өткен.

Жалпы, бұл мерекелік күннің мақсаты - Қазақстандағы бұқаралық спортты дамыту. Қазақстан  бұқаралық спорттың дау көрсеткішін 2020 жылға қарай 30%-ға жеткізуі керек. Ал қазіргі стастистикаға сүйенсек, еліміз бойынша бұқаралық спорттың даму үлесі 25,1%-ға жеткен. Яғни, Қазақстанда 4 млн. 300 мыңнан аса адам тұрақты дене шынықтыруға көңіл бөліп, салауатты өмір салтын ұстанады деген сөз. Қазақстанда қазір үздіксіз жұмыс істеп тұрған 125 кәсіби спорт клубына 35 мың адам, соның ішінде екі мыңға жуық ауыл адамдары тұрақты түрде барып, дене шынықтыруға көңіл бөліп жүр. 

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!