Жанат Жақиянов WBO рейтингінде екінші орынға көтерілді

Фотография - Жанат Жақиянов WBO рейтингінде екінші орынға көтерілді

Жеңіл салмақта (53,5 келіге дейін) шаршы алаңға шығып жүрген қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) рейтингінде екінші орынға көтерілді

166 0

Жеңіл салмақта (53,5 келіге дейін) шаршы алаңға шығып жүрген қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) рейтингінде екінші орынға көтерілді, деп хабарлады Vesti.kz.

Осыған дейін WBA International нұсқасы бойынша жеңіл салмақта әлем чемпионы 30 жастағы қазақстандық боксшы бесінші орында болған.

Еске сала кетейік, өзінің соңғы жекпе-жегін Жақиянов 10 мамырда Болгарияда аргентиналық Гектор Роландо Гузманмен өткізген. Жақиянов алтыншы раундта қарсыласын нокаутқа жіберді. Қазақстандық үшін бұл 25-ші жеңіс,  бір рет жеңілген.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!