"Астана"-АПОЭЛ матчына атышулы Кашшаи төрелік етеді

Фотография - "Астана"-АПОЭЛ матчына атышулы Кашшаи төрелік етеді

Чемпиондар лигасының плей-офф шеңберінде ойналатын "Астана"-АПОЭЛ командаларының матчына венгриялық төреші Виктор Кашшаи төрелік етеді.

178 0

Чемпиондар лигасының плей-офф шеңберінде ойналатын "Астана"-АПОЭЛ командаларының матчына венгриялық төреші Виктор Кашшаи төрелік етеді.

 39 жастағы Виктор Кашшаи 1999 жылдан бері судьялықты атқарып келеді. Ал ФИФА-да жұмысын 2003 жылы бастады. Ол 2008 және 2012 Еуропа чемпионаты мен 2010 жылғы әлем чемпионатында өз қызметін атқарды.

 

Ал оның мансабындағы ең есте қаларлық ойын – бұл Украина-Англия кездесуі. Еуро-2012 аясында өткен сол ойында венгрлік рефери украиналық Марко Девичтің голын есепке алмай қалып, артынша футбол қауымдастығының қысым көрсетуімен УЕФА-дан қуылды.

Жалпы Кашшаи төрешіліктен өзге туристік агенттікте менеджер болып жұмыс істейді. Ол ағылшын және неміс тілдерін жетік меңгерген. Оның матч кезінде жүгірген орташа қашықтығы 12 шақырымға дейін жетеді.

"Астана"-АПОЭЛ матчы 18 тамыз күні «Астана Арена» стадионында сағат 22:00-де басталады.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!