Астана - АПОЭЛ футбол матчын 30 мыңға жуық жанкүйер тамашалайды

Фотография - Астана - АПОЭЛ футбол матчын 30 мыңға жуық жанкүйер тамашалайды

Тамыздың 18 күні сағат 22:00-де "Астана Арена" стадионында Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі бірінші футбол матчы - "Астана" мен АПОЭЛ (Кипр) арасындағы кездесу өтеді. "Астана Арена" стадионына кіру билет бойынша жүзеге асады

307 0

Тамыздың 18 күні сағат 22:00-де "Астана Арена" стадионында Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі бірінші футбол матчы - "Астана" мен АПОЭЛ (Кипр) арасындағы кездесу өтеді. "Астана Арена" стадионына кіру билет бойынша жүзеге асады. 

Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басысының орынбасары Е. Чупековтің айтуынша, сағат 20:00-ден бастап матч біткенге дейінгі аралықта Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран аумағында, сондай-ақ, Керей-Жәнібек хандар мен Хусейн Бен Талал көшелерінде жол қозғалысы шектеледі. Айналып өту маршруты - Орынбор көшесі.

Аталмыш футбол матчын тамашалауға 30 мыңнан астам жанкүйер келеді деп күтілуде.

Көрермендерді жинау және жеткізу үшін Астана қаласы әкімдігі бөлген арнайы автобустар қатынайды. Атап айтқанда, аталмыш қоғамдық көліктер "Қазақстан" спорт кешені, "Салтанат Сарайы", Елордалық цирк, "Әзірет Сұлтан" және "Нұр Астана" мешіті және Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион тұрағы алдында тұрады. Одан бөлек, №10, 12, 27, 28, 30, 40, 43, 51 және 61 автобустары қатынайды.

Сонымен қатар, қоғамдық тәртіп пен футбол матчы кезіндегі қауіпсіздікті сақтау үшін ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының 2 мыңға жуық сарбазы күшейтілген режимде өз қызметтерін атқарады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!