"Астана" ойыншысы Жуков: Біз АПОЭЛден қорықпаймыз

Фотография - "Астана" ойыншысы Жуков: Біз АПОЭЛден қорықпаймыз

Чемпиондар лигасының "Астана" ФК кипрлік АПОЭЛ ойынының алдында қазақстандық жартылай қорғаушысы Георгий Жуков алдаға ойыннан не күтуге болатынын айтты, деп хабарлайды Today.kz.

228 0

Чемпиондар лигасының  "Астана" ФК кипрлік АПОЭЛ ойынының алдында қазақстандық жартылай қорғаушысы Георгий Жуков алдаға ойыннан не күтуге болатынын айтты, деп хабарлайды Today.kz.
"Бізде ешқандай күйзеліс жоқ. Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік, бірақ біз ештемеден қорықпаймыз, өз ойынымызды көрсетеміз.Біз барымызды салып тырысамыз. Егер жеңсек, тарихтағы ең үздік команда атанарымыз сөзсіз", - дейді Георгий Жуков.
"Астана" ойыншысының ойынша, бірінші ойынды Астанада өткізгеннен гөрі,  Кипрде өткізген тиімдірек
Естеріңізге сала кетейік,  Чемпиондар лигасының плей-офф  кезеңінде "Астана"-АПОЭЛ матчы 18 тамыз күні «Астана Арена» стадионында сағат 22:00-де басталады. Қарымта ойын 27  тамызда Астана уақыты бойынша сағат 00:45 те Никосия (Кипр)  қаласында өтеді. Ертеректе айтылғандай, Астана - АПОЭЛ футбол матчы кезінде жол қозғалысы шектеледі, және де ойынды 30 мыңға жуық жанкүйер тамашалайды деп хабарланған, сонымен қатар матчта атышулы Кашшаи төрелік етеді.
Today.kz оқырмандары үшін ойынға екі билет ұтып алу мүмкіндігі бар. Конкурстың шарттарын мына жерден көре аласыз.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!