864

Абель Санчес: Геннадий төртінші раундта Лемьені нокаутқа жібереді

WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшы IBF нұсқасы бойынша чемпион Давид Лемьені жекпе-жек уақыты аяқталмай тұрып жеңетінін айтты
Фотография - Абель Санчес: Геннадий төртінші раундта Лемьені нокаутқа жібереді

WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшы IBF нұсқасы бойынша чемпион Давид Лемьені жекпе-жек уақыты аяқталмай тұрып жеңетінін айтты, деп хабарлады Sports.kz.

"Екеуі де кездесу басында бір-бірінен қауіптенеді. Екінші раундта Головкин джеб әдісін пайдаланып, Лемьені ұра бастайды. Үшінші раунд екеуі үшін де маңызды. Ал төртіншіде  Головкин оны нокаутқа жібереді", - деген Санчестің сөзін Boxing Scene келтірді.

Головкин мен Лемье 17 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында күш сынасады.

 

Загрузка...