Бүгін кешке "Қайрат" "Бордо" командасымен кездесу үшін Францияға аттанады

Фотография - Бүгін кешке "Қайрат" "Бордо" командасымен кездесу үшін Францияға аттанады

Бүгін кешке Алматының "Қайрат" футбол клубы "Бордо" командасымен кездесу үшін Францияның Бордо қаласына ұшып кетеді

311 0

Бүгін кешке Алматының "Қайрат" футбол клубы "Бордо" командасымен кездесу үшін Францияның Бордо қаласына ұшып кетеді.

 Бұл туралы команданың баспасөз қызметінен хабарлады. 

Алматылықтар осыдан екі аптадай бұрын екі матчтың қорытынды есебі  бойынша Шотландияының "Абердин" футбол клубынан басым түскен болатын. Енді Владимир Вайсстың шәкірттері "Бордо" командасымен жасыл алаңға шығады.

Бірінші ойын  21 тамызға қараған түні Бордо қаласындағы "Нуво Стад де Бордо" стадионында Алматы уақыты бойынша түнгі сағат 00:30-да басталады.

Айта кетелік, Еуропа Лигасының өткен раундынан кейін Алматының "Қайраты" ұшу ұзақтығы бойынша рекордшы атанған болатын. Бордо қаласына барып қайтқан соң, алматылықтар бұл рекордты да жаңартатын болады. Команда Бордо қаласына дейін 5947 шақырымды артқа тастайды. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!