Домингуш Пасиенсия: "Қос команданың мүмкіндігі бірдей"

Фотография - Домингуш Пасиенсия: "Қос команданың мүмкіндігі бірдей"

Журналистермен өткен баспасөз мәжілісінде АПОЭЛ командасының бас бапкері Домингуш Пасиенсия әлі де болса келесі кезеңге шығуға мүмкіндігіміз бар деп санайды.

139 0

Журналистермен өткен баспасөз мәжілісінде АПОЭЛ командасының бас бапкері Домингуш Пасиенсия әлі де болса келесі кезеңге шығуға мүмкіндігіміз бар деп санайды.

Португалиялық маман ойынды дұрыс бастай алмағандарын және бірінші таймда көп қателіктер жібергенін мойындады.

– Бірінші таймды жоғары деңгейде өткізе алмадық, оны мойындаймын. Бірақ біз кездесуге дайын болғанбыз. «Астана» жақсы матч өткізді. Жылдам гол соқты. Одан әрі қарай сол есепті сақтап қалуға тырысты. Алда жауапты ойын бар. Сондықтан қателіктермен жұмыс істеп, келесі кезеңге өтуге тырысамыз, – дейді ол.

АПОЭЛ осы іріктеу турнирінің соңғы 3 ойынында 3 гол ғана соқты. Бас бапкер бұл мәселе бойынша жұмыс істейтіндерін айтты.

– Екінші таймда гол соғатын мүмкіндіктеріміз болды. Бірақ біз оны пайдалана аладық. Енді осы бағытта жұмыс істейтін боламыз. Алдағы уақытта нәтижеміздің жақсаратына сенімідімін, – дейді Домингуш Пасиенсия.

– Келесі кезеңге кім өтеді деп ойлайсыз?

Меніңше, мүмкіндік бірдей. Біз бірінші ойында жеңілдік. Бірақ қарымта матч Кипрде өтеді. Соны ұмытпаңыздар. Өйткені, ол жақта да футболды жақсы көретін көрермен көп. Стадион толық болады.

Португалдық маман жеңілуге тағы бір себеп жасанды алаң деп санайды.

– Егер біз гол соққанда ойын тең аяқталар еді. Алайда бұл жолы ол мүмкін болмады. Бізде адаптация жағынан және жасанды алаңға байланысты мәселе туындады. Сондықтан өз ойынымызды көрсете алмадық. Енді барлығы Кипрде шешіледі, – дейді Пасиенсия.

Айта кетейік, қарымта ойын 26 тамыз күні Никосиде өтеді.

 

 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!