Головкин: тартысты жекпе-жек көрсетуге тырысамын (бейне, сурет)

Фотография - Головкин: тартысты жекпе-жек көрсетуге тырысамын (бейне, сурет)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен канадалық Давид Лемье 17 қазанда өткізетін жекпе-жекке арналған баспасөз мәслихатын өткізді.

393 0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен канадалық Давид Лемье 17 қазанда өткізетін жекпе-жекке арналған баспасөз мәслихатын өткізді.

Жиын кезінде отандасымыз өз жанкүйерлеріне қызықты да тартысты жекпе-жек көрсетуге тырысатынын айтты.



"Мен Давидті құрметтеймін, маған оның стилі ұнайды. Ол өте қауіпті боксшы, сондықтан да бұл жекпе-жек өте тартысты болады деп ойлаймын. Сіздерге керемет шоу сыйлаймыз деп сендіремін", - дейді Головкин.

Естеріңізге саламыз, боксшылар арасындағы кездесу 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренада өтеді. Жекпе-жек ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы HBO арнасында көрсетіледі. Ал қазақстандықтар бокс кешін «Қазақстан» ұлттық арнасынан тамашалай алады. Айта кету керек, қос боксшы да PPV-де алғаш рет сынға түскелі жатыр.

 

 Bnews.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!