"Ордабасынан" кеткен жаттықтырушы: бастама клуб басшылығынан емес, жоғарырақтан келді

Фотография - "Ордабасынан" кеткен жаттықтырушы:  бастама клуб басшылығынан емес, жоғарырақтан келді

Виктор Кумыковтың айтуынша оның жұмыстан кетуіне себеп болған адам жақын арада белгілі болады

187 0

"Шахтердің", кешегі күннен бері "Ордабасының" бұрынғы жаттықтырушысы Виктор Кумыков Today.kz тілшісіне өзінің шымкенттік клубтан кетуі жайында айтып берді.

"Ордабасымен" қоштасуыңыз қалай болды? Клуб басшылығы тарапынан сізге деген наразылығы болды ма?

- Мен басшылықпен сөйлестім, оның барысында біз менің кетуім жайында екі жақты шешімге келдік. Маған еш наразылықтары болмады. Клуб басшылығымен бәрі дұрыс, тек менімен дәл осы кезде қоштасу керек болған шығар. Яғни, оларға осылай істеу керек болды. Мен мұны "Ордабасының" нақты нәтижелеріне байланысты деп ойламаймын, өйткені ол туралы ештеме айтылмады. Басшылықпен қайшылықтар болған жоқ, кейінгі кезде біз жақсы істескенбіз. Ал командада болған шығар, әсіресе ойынға шықпай жүргендер арасында, ондай болады. Бірақ, бұл менің кетуіме себеп емес деп тағы айтам.

"Ордабасымен" ара үзу туралы айтсам, сол күні құжаттардың барлығына қол қойдым, мен командамен қош айтысып, сәттілік тіледім.

- Болған оқиға Еуропа Лигасынан шығып қалумен байланысты ма?

- Еурокубоктарға қатысу жайына келер болсақ, команданың көп нәрсеге дайын еместігі анық. Жалпы, біз жаман ойын көрсеткен жоқпыз. Бірақ, бұл деңгейдегі ойындар тәжірибесінің жоқтығы аяғымызды шалды. Бастысы, біз мұнан шешім шығара алдық. Егер себеп Еурокубокта болса, маған бірден наразылық айтылып, сол күні жұмыстан шығарар еді.

- Сіз үшін бұл тосын болды ма?

- Негізінде, менің шымкенттік командадан кетуім туралы сыбыстар баяғыда шықты, бірақ, маған ешкім ешнәрсе айтпады. Білуімше, президенттің өзі де баспасөзде бұл сыбыстарды шоққа шығарды, сондықтан мен алаңсыз жұмыс істей бердім. Менің ойымша, олар қаласа мені соңғы турдағы үзіліс кезінде шығарғаны жөн болар еді. алайда, біз "Қайратпен" жиын өткіздік, бұл сәтте, мұндай шешім мен ұшін тосын болды.

- Біраз уақыт бұрын сізді ұлттық құраманың тренерлік құрамынан шығарды, енді "Ордабасынан"...

- Мен құрамада жұмыс істегенде, басшылық жағынан, әріптестер жағынан да сөгіс болған жоқ, барлығы маған риза еді. дегенмен, бір күні қандай құрамда белгісіз, қай бір тренерлік құрам жиылып осындай шешім қабылдады. Ал енді тосыннан "Ордабасы" да.

- Сіздің ойңызша бұған себеп не?

- Менімен қоштасудың себебі қарапайым, былай айтар едім: көптен бері жұмыс істемеген адам бар, енді ол "Ордабасыға" өте келгісі келді. Ол кім екенін жақында білерсіздер. Ол өзіне осы орынды босату үшін тырысқан болар.

Мен бұл бастама клуб басшылығынан емес, жоғарырақтан келді деп нақты айта алам. Кім және қалай екенін айта алмаймын. Жақын арада бәрі де белгілі болады деп ойлаймын.

- Мұның алдында БАҚ беттерінде сіз сол кезде-ақ кету туралы айтқансыз деген хабарлама шыққан.

– Мен өтініш берген жоқпын, тек "Астанадан" жеңіліс тапқаннан кейін клуб президентімен әңгіме болды. Бірақ бәрі дұрыс қабылданған, сонымен қоса, "Астана" – Қазақстандағы көшбасшы екені де, біз ғана емес, өзгелер де жеңіліп жатты. Сол кезде бұл оқиғаны ұлғайтып жіберді,

- Сіздің өзге клубқа орналасу бойынша жоспарыңыз бар ма?

- Әзірге Қазақстаннан еш ұсыныс келген жоқ. Өзбекстаннан бар, алайда, мен апта бойына еш шешім қабылдамаймын. Көреміз.

- Сіз Шымкентті қандай сезімде тастап барасыз?

- Ой біреу, басталған жұмысты соңына дейін апарғызбады, команданың бастапқы позициялары жаман емес, біз бұған дайындалғанбыз. Жақсы жиындар өткіздік,  "Кайратпен" кездесу біздің жақсы жағдайда екенімізді көрсетті. Жұмысты аяқтай алмағанымыз өкінішті, ал, адами тұрғыда, жанкүйерлермен де, басшылықпен де, футболшылармен де бәрі дұрыс.

- Егер бәрі жоспар бойынша жүрсе, "Ордабасымен" қандай деңгейге жете алар едіңіз?

- Білесіз бе, бір жылда бәріне қол жеткізу қиын, бірақ, биыл медальдарға қол жеткізуге болар еді, ал келесі жылы Екрокубоктарда да жақсырақ ойын көрсетер едік. Бір жыл кіммен жұмыс істеп жатқаныңды, неге қол жеткізуге боларын білуге кетеді. Ал бір жылдық жұмыстан кейін бәрі белгілі болады. Әдетте, жақсы командалар екі, үш жылдан кейін ойынын күшейтеді. Болашағымыз бар еді, сол үшін де өкінішті, бәрі тосыннан аяқталғаны.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!