Марадона өзінің қолмен салған голын санап жіберген арбитрмен кездесті

Фотография - Марадона өзінің қолмен салған голын санап жіберген арбитрмен кездесті

Аты аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадона 1986 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Англиямен болған ойында өзінің қолмен салған голын санап жіберген арбитрмен кездесті.

342 0

Аты аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадона 1986 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Англиямен болған ойында өзінің қолмен салған голын санап жіберген арбитрмен кездесті, деп жазады sports.ru.
"Өткен демалыс күндері мен Тунисте болып, 1986 жылы Мексикада өткен чемпионатта Англиямен болған ойында төрелік еткен Али Бин-Нассермен кездестім.

Мен оған футболка сыйладым, ол маған сол ойынның бір сәті бейнеленген үйінде ілініп тұрған картинаны тарту етті. Али - менің мәңгі досым", - деп жазды Марадона өзінің Facebook-тегі парақшасында.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!