"Қайрат" Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы кездесуінде ұтылып қалды

Фотография - "Қайрат" Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы кездесуінде ұтылып қалды

Еуропа лигасының плей-офф іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Алматының "Қайраты" Францияда "Бордомен" кездесіп, 1:0 есебімен жеңіліп қалды.

162 0

Еуропа лигасының плей-офф іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Алматының "Қайраты" Францияда "Бордомен" кездесіп, 1:0 есебімен жеңіліп қалды.

 

Бұл ойын жаңадан салынған "Стад Бордо-Атлантик" стадионында өтті. "Қайрат" бапкері Вайсс жарақат алған Луниннің орнына Исламбек Қуатты шығарды. Негізгі құрамда одан өзге өзгеріс болмады.

Алаң иелері алғашқы минуттан ойын тізгінін қолға алып, көп шабуылдады. Дегенмен ойында бір ғана гол соғылды. Оның авторы Хазри. "Қайрат" футболшылары қарымта шабуылға иелік артқанымен, "Бордо" қорғанысын бұза алмады.

"Бордо" – "Қайрат" – 1:0

Гол: Хазри , 27 (1:0).

"Бордо": Прьор, Контенто (Пундже 14), Паллуа, Ямбере, Жильбер, Траоре (Морис-Беле, 71), Поко, Хазри, Ролан, Севе, Кизе-Телин.

"Кайрат": Плотников, Бруно Соарес, Гурман, Қуантаев, Қуат, Бақаев, Исламхан (Сержиньо, 68), Исаэл, Тимощук (Рудосельский, 90), Гоу, Риера (Деспотович, 83).

Енді, қарымта матч 27 тамыз күні Алматыда өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!