Ю. Красножанның көмекшісі тағайындалды

Фотография - Ю. Красножанның көмекшісі тағайындалды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының аға бапкері қызметіне танымал футбол ардагері Нүркен Мәзбаев тағайындалды.

171 0

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының аға бапкері қызметіне танымал футбол ардагері Нүркен Мәзбаев тағайындалды.

Өткен аптада осы уақытқа дейін аға бапкерлік қызметті атқарып келген Виктор Кумыков отставкаға кеткен болады. Енді, бүгін Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі бұл орынға Нүркен Мәзбаевтің келгенін мәлімдеді.

Нүркен Мәзбаев – 1972 жылы дүниеге келген. "Тараз", "Жеңіс", "Тобыл", "Қайсар" командаларында өнер көрсеткен. Ел біріншілігінің жалпы тарихындағы үздік сұрмергендердің бестігіне кіреді. 1992-2007 жылдар аралығында 138 гол соққан. 
Ұлттық құрамада 13 ойын өткізген.

Футболшы ретінде карьерасын аяқтаған соң бапкерлік қызметті атқарды. Ең соңғы жылдары Жамбыл облыстық футбол федерациясының вице-президенті болды. 

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!