"Қайрат" "Ертісті" ірі есеппен жеңді

Фотография - "Қайрат"  "Ертісті" ірі есеппен жеңді

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 24 туры шеңберінде бір ойын ойналды. Алматыда жергілікті "Қайрат" Павлодардың "Ертісін" қабылдап, 5:2 есебімен жеңіске жетті

334 0

 

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 24 туры шеңберінде бір ойын ойналды. Алматыда жергілікті "Қайрат" Павлодардың "Ертісін" қабылдап, 5:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.  

Кездесу аса тартысты өтті. Ойынның 7-минутында қонақтар есеп ашып үлгерді. Голдың авторы – Эвандро Ронкатто. Арада 8 минут уақыт өткенде Исламбек Қуат мергендігімен көзге түсіп, таразы басын теңестірді. Үзіліске дейін осы есеп өзгерген жоқ. 
Бұл жолы "Қайраттың" бас жаттықтырушысы Владимир Вайсс алаңға негізгі құрамды шығармағанын айта кетейік. Оған команданың Еуропа лигасы іріктеу турнирінің плей-офф бәсекесінде сынға түсуі себеп. 
Екінші таймда да "Ертіс" ойыншылары белсенді қимылдады. Тіпті 56-минутта қонақтар сапынан Алассан Н’Диайе нәтижелі соққы жасап, павлодарлықтар тағы да есепте алға шықты. Осы голдан кейін Вайсс алаңға команданың сұрмергені Жерар Гоуды шығарды. Жаттықтырушының бұл қадамы өз жемісін беріп, ивуарлық шауылшы бас-аяғы 7 минуттың ішінде дубльдің авторы атанды. Атап айтқанда, ол 68 және 75-минуттарда қарсыластарының қақпасын дәл көздеді. 
Осы голдардан кейін алаң иелерінің ойынына қан жүгіріп, ширақтық таныта бастады. Нәтижесінде ойын соңына дейін Давид Лория қорғаған «Ертістің» қақпасына тағы екі доп енгізді. 78-минутта Ермек Қуантаев есепті 4:2-ге жеткізсе, кездесудің нүктесін 87-минутта Джордже Деспотович қойды.
Бұл жеңісінен кейін "Қайрат" ұпай санын 26-ға жеткізіп, турнир кестесінде жеке-дара көш бастады. Ал "Ертіс" әзірге 6-орында келеді. 
"Қайрат" (Алматы) – "Ертіс" (Павлодар) 5:2 (1:1) 
Голдар: Исламбек Қуат 15, Жерар Гоу 68, 75, Ермек Қуантаев 78, Джордже Деспотович 87 – Эвандро Ронкатто 7, Алассан Н’Диайе 56. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!