Владимир Вайсс: Қос команданың мүмкіндігі 50 де 50

Фотография - Владимир Вайсс: Қос команданың мүмкіндігі 50 де 50

Еуропа лигасында бақ сынап жатқан "Қайрат" үшін ертең ең маңызды ойындардың бірі болмақ. Топтық кезеңге өту үшін алматылық командаға француздық "Бордо" ұжымынан басым түсу қажет

354 0

Еуропа лигасында бақ сынап жатқан "Қайрат" үшін ертең ең маңызды ойындардың бірі болмақ. Топтық кезеңге өту үшін алматылық командаға француздық "Бордо" ұжымынан басым түсу қажет. Сырт алаңда өткен кездесу 1-0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына шешілген болаты. Қарымта кездесу алдындағы баспасөз маслихатына "Қайраттың" бас бапкері Владимир Вайсс пен шабуылшы Жерар Гоу қатысты, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

 

Владимир Вайсс: Алдағы кездесуде қос команданың мүмкіндігі тең . Егер де біз бар білетінімізді көрсете алып күш жігерімізді аямасақ жеңіске бастар жолды таба аламыз. Бұл кездесу тағдырын жалғыз ақ қателік шешуі мүмкін. Оның үстіне біздің қатарымызда Заурбек Плиев пен Станислав Лунин жоқ. Бізге қалай да гол соғу керек, сондықтан да қорғаныста жатып аламыз дей алмаймын. Керек нәтижеге қол жеткізіп ары қалай жылжуымыз шарт. Бұл жолда жанкүйерлерге де көп арқа сүйейміз.

 

Өз кезегінде "Қайраттың" шабуылшысы Жерар Гоу да команданың алдағы ойынға сақадай сай екенін, «Бордо» командасынан еш қорықпайтындығын жеткізді.

 

Естеріңізге салсақ, Еуропа лигасының плей офф кезеңіндегі "Қайрат"" пен "Бордо" арасындағы кездесу 27–ші тамыз күні Астана уақытымен 20:45 те басталады. Ойын Алматының Орталық стадионында өтеді.

 

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!