Астана әкімі "Астана" ФК ойыншыларын күтіп алды (сурет, бейне)

Фотография - Астана әкімі "Астана" ФК ойыншыларын күтіп алды (сурет, бейне)

Астана алаңында жанкүйерлер мен қала әкімшілігі "Астана" ФК ойыншыларын қол соғып, жақсы көңіл күймен күтіп алды, деп хабарлайды Today.kz.

423 0

Астана алаңында жанкүйерлер мен қала әкімшілігі "Астана" ФК ойыншыларын қол соғып, жақсы көңіл күймен  күтіп алды, деп хабарлайды Today.kz.
Астана әкімі Әділбек Жаксбеков  ойыншыларды АПОЭЛ мен болған қарымта матчтағы жеңісімен және де Чемпиондар Лигасының келесі кезеңіне өтуімен құттықтап, естелік кубокті тарту етті. Алаңда жанкүйелер көптеп жиналған, олардың біразы футболистерді аэропорттан күтіп алған.
Естеріңізге сала кетейік, елордалық "Астана" сырт алаңда кипрлік АПОЭЛ мен тең ойнап чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті.
Бірнеше сағаттардан кейін жеребе тастау арқылы астаналық команданың келесі қарсыластары анықталатын болады.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!