"Астана" жеңісінен кейін Қазақстан УЕФА рейтингінің ТОП-30 тізіміне кірді

Фотография - "Астана" жеңісінен кейін Қазақстан УЕФА рейтингінің ТОП-30 тізіміне кірді

200 0

"Астана" клубы Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңі аясында сәрсенбінің түнінде кипрлік АПОЭЛ командасын жеңіп, Қазақстанды УЕФА рейтингінің үздік 30 командасының тізіміне кіргізді.

Естеріңізде болса, 1 апта бұрын Астанада қос клуб арасында өткен алғашқы ойында астаналықтар 1:0 есебімен жеңген болатын. Ал кешегі матчта жерлестеріміз қарсыластар алаңында 1:1 есебімен тең ойнап, қос ойынның қорытындысымен Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.

Осы ойыннан кейін Қазақстан 12.875 ұпаймен Словакияны базып озып, 30-орынға жайғасты. Біздің алдымызда 27, 28 және 29-орындарда 13.125 ұпаймен Сербия, Болгария және Словения клубтары тұр. Сонымен,
"Астана" командасы түндегі матчтан кейін 44 орынға жоғарылап, 178-орынға жайғасты. Сонымен бірге, 13 млн еуроны қанжығасына байлады. Ал бүгін астаналық клуб Қазақстанға оралды. Футболшыларды қала әкімі Әділбек Жақсыбеков күтіп алып, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өтуіне орай естелік кубок сыйлады.

Айта кету керек, бүгін түнде алматылық "Қайрат" өз алаңында Францияның "Бордо" клубын қабылдайды. Бұл кездесуде жеңген команда Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алады.

 

Bnews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!