622

Independent "Астана" ФК туралы "ақымақтықпен жіберілген қателік" үшін кешірім сұрады

Баспасөз "ауғандық "Астана" ФК" қателігін түзететінін жеткізді
Фотография - Independent "Астана" ФК туралы "ақымақтықпен жіберілген қателік" үшін кешірім сұрады

Беделді британдық Independent газеті "ауғандық "Астана" ФК" деп жіберген қателігі үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Today.kz.

"Сіздерден осы бір ақымақтықпен жіберілген қателік үшін кешірім сұраймыз, біз оны жедел түзеуді сұрадық", - делінген Independent баспасының Today.kz редакциясының үндеуіне берген жауабында.

Естеріңізге салсақ, кателігі бар мәтін сайт бетінде 26 тамыз күні шыққан. Мәтін материалында былай делінген: УЕФА рейтінгіне сәйкес "Астана" бұл жарыстың ең нашар командасы болып келеді. Ауған командасы АПОЭЛ-ды ұтып, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті. Бұл Чемпиондар лигасынының топтық кезеңінде ойнайтын ең бірінші Ауғаныстандық команда".

Загрузка...