"Қайрат" жеңіске жеткенімен топтық кезеңге өте алмады

Фотография - "Қайрат" жеңіске жеткенімен топтық кезеңге өте алмады

777 0

Алматылық "Қайрат "  француздық "  Бордо" командасын жеңгенімен Еуропа лигасының топтық кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.


Сырт алаңда 1-0 есебімен ұтылған " Қайраттың"  алдында өз алаңында қалай да гол соғып қақпаларына гол жібермеу мақсаты тұрған еді. Ойын біз үшін өте сәтті басталды. Төреші ысқырығы естілісімен қарсылас қақпасына лап қойған алматылық команда ойынның небары қырық төртінші секундында қарсылас қақпасын дәл көздей алған. Қақпа маңындағы тартыс кезінде қонақтар қорғаушысы Седрик Ямбере өз қақпасына гол соғып алды. Бұл гол қос кездесудіге нәтижені теңестірген болатын. Ойынның алғашқы бөлігінде қос команда да белсенділік танытқанымен жиналған жанкүйерлер бұдан өзге гол көре алмды. 


Екінші тайм басталысымен француздықтар ойын тізгінін өз қолдарына алып шабуылдарын үдете түскен. Дегенмен, біздің қорғаушылар мен қақпашымыз сыр бермеді. Есесіні ойынның 66 минутында Исаэладың айып добынан асырған добына Исламбек Куат бірінші жетіп есепті еселеп кетті. Бұл есеп "Қайратты" келесі кезеңге алып шығар еді. Бар болғаны ойынның қалған бөлігінде қақпамызға гол жібермеу керек болған. Алайда, біздің жігіттер бұл міндетті орындай алмады. "Қайрат" ойыншыларын қақпа маңыны тықсырып тастаған қонақтар көп шабуылдарының бірін голға айналдыра алды. Шабуылға тыңнан күш қосқан   "Бордо" бапкері ойыншы ауыстыру сәтінде көрегендік танытты. Француздық команданы Еуропа лигасының топтық кезеңіне алып шыққан голды ойынға жаңадан қосылған Энцо Кривелли соғып кетті. 
Матчтың қалған бөлігінде "Қайрат" командасы қанша тырысқанымен тұшымды шабуыл ұйымдастыра алмады. 2-1 есебі алматылық ұжымға жеңіс сыйлағанымен, Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтуге жеткіліксіз болды. 

Ендігі кезекте "Қайрат" бар күш-жігерін ішкі біріншілікке жұмсайтыны анық.Биылғы маусымдағы Еуропа ойындарында тартымды ойынымен жанкүйерлер жүрегін баурап алған алматылық командаға жұртшылық тарапынан өкпе наздың болмағаны анық. Оған дәлел ойын аяқталғаннан кейінгі жанкүйерлердің ыстық ықыласы. "Қайрат" биыл шықпаған белесті келер маусымда бағындыратынына сенеміз.

 

 

 

                                                                        Суретті түсірген :Алмаз Толеке



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!