663

Бекман Сойлыбаев кәсіби рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев кәсіби рингтегі алтыншы жеңіске қол жеткізді
Фотография -  Бекман Сойлыбаев кәсіби рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев кәсіби рингтегі  алтыншы жеңіске қол жеткізді, деп хабарлады Vesti.kz.

Оның қарсыласы америкалық боксшы Хосе Луис Арайза болды.

25 жастағы Сойлыбаев үшін бұл алты жекпе-жектегі алтыншы жеңісі болса, ал 36 жастағы Арайза  46 айқаста 14 рет жеңілген.

Еске салсақ, жерлесіміз 1 тамызда өткен жарыста  мексикалық Серхил Нахерді 38 секундта есінен тандырған еді.

Загрузка...