Әлем чемпионатында үш дзюдошымыз да жартылай финалға жете алмады

Фотография - Әлем чемпионатында үш дзюдошымыз да жартылай финалға жете алмады

Бүгін спортшыларымыз арасында татамиге алғаш 78 келіден жоғары салмақтағы палуан қызымыз Гүлжан Исанова шығып, германиялық қарсыласы Франциска Кеницке "шидо"-мен ұтылып қалды

151 0

Бүгін спортшыларымыз арасында татамиге алғаш 78 келіден жоғары салмақтағы палуан қызымыз Гүлжан Исанова шығып, германиялық қарсыласы Франциска Кеницке "шидо"-мен ұтылып қалды.

Аса ауыр салмақта (+100 келі) сынға түскен палуанымыз Ержан Шынкеев алғашқы кездесуінде австриялық Даниэль Алерсторферден жеңілді.

Ал, 100 келі салмақта ел үмітін арқалаған Максим Раков алғашқы белдесуінде жаңазеландиялық Ясон Костерді ұтып, залдағы көрермендерді бір қуантып тастады. Бірақ, жанкүйерлердің қуанышы ұзаққа созылмады. Максим Раков екінші айналымда француз дзюдошысы Сирилл Маретке есе жіберді.

Сөйтіп, бүгін татамиге шыққан үш палуанымыз да Әлем чемпионатының медалінен құр қалды.

Енді, ертең ерлер мен әйелдер арасындағы командалық жарыстар өтеді. Жарыстың басталу уақыты таңғы сағат 10:00.

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!