Дзюдодан өткен әлем чемпионаты спортшылар мен спорт сүйер қауым үшін нағыз мерекеге айналды (ВИДЕО)

Фотография - Дзюдодан өткен әлем чемпионаты спортшылар мен спорт сүйер қауым үшін нағыз мерекеге айналды (ВИДЕО)

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанада 24 тамызда басталған дзюдодан әлем чемпионатының жабылу салтанатына қатысты

390 0

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанада 24 тамызда басталған дзюдодан әлем чемпионатының жабылу салтанатына қатысты, деп хабарлады primeminister.kz

Чемпионат қатысушылары мен қонақтарының алдында сөйлеген сөзінде Премьер-Министр Қазақстанда өткен бұл чемпионат барлық спортшылар мен спорт сүйер қауым үшін нағыз мерекеге айналғанын айтып өтті.

Өз сөзінде ол: "Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жан-жақты қолдауының арқасында біз тамаша көріністен мол тәжірибе ала отырып, әрдайым осындай айтулы жарыстарды өткізуге дайынбыз", - деді.

К.Мәсімов чемпионат қатысушыларына жаңа жетістіктер мен жеңістер, сондай-ақ, Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарында сәтті ойын көрсетуді тіледі.

Жабылу салтанаты халықаралық дзюдо федерациясының туын келесі әлем чемпионаты өтетін Мажарстанның ұлттық федерациясына табыстаумен аяқталды.

Астанада өткен дзюдодан әлем чемпионатына әлемнің 120 елінен келген 700-ден астам спортшы қатысты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!