Кукушкин US Open турнирінің екінші айналымына шықты

Фотография - Кукушкин US Open турнирінің екінші айналымына шықты

Әлемдік рейтингте 56-ыншы орында тұрған М.Кукушкин 97-інші сатыдағы Тайвань елінің үміті Лю Йен-Сунды жеңді.

182 0

Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин US Open турнирінің екінші айналымына шықты.

Әлемдік рейтингте 56-ыншы орында тұрған М.Кукушкин 97-інші сатыдағы Тайвань елінің үміті Лю Йен-Сунды жеңді. Есеп 6:3, 6:3 және 3:0 болған сәтте тайваньдық теннисші матчты әрі қарай жалғастырудан бас тартты.

Екінші айналымда М.Кукушкин австралиялық Мэттью Эбденді ұтқан болгариялық Григор Димитровпен кездеседі. Әрине, Г.Димитровтың әлдеқайда азулы қарсылас екендігі белгілі.

Көп ұзамай кортқа Қазақстанның тағы бір маңдайалды теннисшісі Зарина Дияс та шығады, ол словениялық Полона Херцохпен шеберлік байқасады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!