Бүгін Елеусінов, Ниязымбетов, Дычко шаршы алаңға шығады

Фотография - Бүгін Елеусінов, Ниязымбетов, Дычко шаршы алаңға шығады

Тайланд астанасы Бонгкокта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының ширек финалдағы ойындары әрі қарай жалғасады

340 0

 

Тайланд астанасы Бонгкокта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының ширек финалдағы ойындары әрі қарай жалғасады, деп жазды baq.kz.

Бүгін шаршы алаңға Олжас Сәттібаев (52 келі) пен Зарип Жұмаев (Түркіменстан), Зәкір Сафиуллин (60 келі) мен Гук Чол Квон (КХДР) кездеседі. Одан бөлек команда капитаны 69 келідегі Данияр Елеусінов қытайлық Лю Вэйдің осал тұсын байқап көреді. Ал Әділбек Ниязымбетов сириялық Гоусон Илдинмен жолықса, аса ауыр салмақтағы Иван Дычко жартылай финалдың жолдамасын өзбекстандық Баходыр Джалоловпен сарапқа салады.

Айта кетейік, осыған дейін үш боксшымыз жарыстан шығып қалды. Олар Теміртас Жүсіпов (49 келі), Самат Бәшенов (64 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі). Үшеуі де өзбек боксшыларына есе жіберді. Ал Қайрат Ералиев (56 келі) мен Василий Левит (91 келі) екеуі жартылай финалға шықты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!