Дзюдо: Қазақстан командалық сайыста бесінші орын (сурет)

Cпорт
2277
Өткен аптада Астана қаласы дзюдо күресінен алғаш рет әлем чемпионатын қабылдады. Жекелей жарыстар аяқталғаннан кейін соңғы күні командалық жарыс өтті.

Өткен аптада Астана қаласы дзюдо күресінен алғаш рет әлем чемпионатын қабылдады. Жекелей жарыстар аяқталғаннан кейін соңғы күні командалық жарыс өтті.  

Командалық сында Қазақстан ерлер құрамасы бесінші орын алды. Бас бапкер Ермек Имамбеков командалық жарысқа негізінен әлем чемпионатына қатыспаған спортшыларды қосты. Жігіттер жеребе бойынша алдымен Австралия құрамасымен кездесті. Әзиз Қалқаманұлы, Самат Есен және Ержан Шынкеев өз кездесулерін "таза жеңіспен" аяқтаса, Дастан Ықыбаев "шидолар" саны бойынша басым түсті.

Одан кейінгі қарсылас дзюдо отаны саналатын Жапония құрамасы болды. Алдымен 66 келідегі Айбек Имашев әлемнің үш дүркін чемпионы Масаши Ебинумаға есе жіберді. Ал Жансай Смағұлов (73 келі) 2014 жылғы әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Рики Накаяны жеңді. Бірақ Ринат Ибрагимов, Самат Есен, Ержан Шынкеев командаға ұпай әкеле алмады. Нәтижесінде жапондықтар 4:1 есебімен басым түсті.

Қазақстан құрамасы Жапониядан жеңілген соң, Бразилиямен жұбаныш кездесуін өткізді. Бұл сында Самат Есеннен өзгесі жеңіске жетіп, қола медальге таласуға мүмкіндік алды. Алайда үшінші орын үшін бәсекеде қазақстандықтарды Моңғолия күтіп тұрған еді. Алғашында 66 келідегі Ғабит Есімбетовтің Цагаанбаатар Хашбаатарға шамасы жетпеп еді, Жансай Смағұлов та қарсыласы Одбаяр Ганбаатардың осал тұсын таба алмады. Ууганбаатар Отгонбаатар жерлесісмізз Әзиз Қалқаманұлын "юко" әдісімен жеңді. Сондай-ақ Самат Есен де Отгонбаатар Лхагвасуреннің мықтылығын мойындауға мәжбүр болды. Тек соңғы кездесуде әлем чемпионы Максим Раков Олимпиада ойындарының жеңімпазы Тувшинбаяр Найданды ұтты. Моңғолия спортшысына жерлесіміз жиі жол беретін. Бұл жолы сол кеткен есені қайтарудың сәті түсті.

Қыздардан да үміт болмады. Кеше ғана Қазақстан азаматтығын алған мақтаулы моңғол қызы Галбадрах Отгонцэцэг та алғашқы кездесуінде-ақ жеңіліп қалды. Тек 63 келідегі Мариан Ордабаева ғана үшінші айналымға жетті. Қыздарымыз командалық сайыста да Моңғолия құрамасынан 0:5 есебімен оңбай ұтылды.

baq.kz

 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить