8 жасар қазақ баласы Нью-Йоркте өткен турнирде жеңімпаз атанды

Фотография - 8 жасар қазақ баласы Нью-Йоркте өткен турнирде жеңімпаз атанды

Қазақтың қаршадай баласы теннистен Нью-Йоркте өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды. 8 жасар Жақас Қозыбақтың ойнау мәнерін мамандар белгілі теннисшілерге ұқсатып үлгерді.

236 0

Қазақтың қаршадай баласы теннистен Нью-Йоркте өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды. 8 жасар Жақас Қозыбақтың ойнау мәнерін мамандар белгілі теннисшілерге ұқсатып үлгерді, деп хабарлайды "Хабар" арнасы

Бір кездері дәл осы кортта белгілі теннисші Энди Роддик үлкен спорттағы жолын бастаған еді. Ал қазір бұл жерде жыл сайын жас теннисшілер арасындағы "Little Mo" турнирі өтеді.

Соңғы өткен сайыста 8 жасар қызылордалық спортшы Жақас Қозыбақ ерекше көзге түсті. Осыған дейін АҚШ-тың Флорида штатында өткен додада топ жарған қазақтың қаршадай баласы Нью-Йоркте де ешкімге есе жібермеді.

-Теннистен асатын спорт түрі жоқ деп ойлаймын. Мен қарсыластарымның барлығын 6-0 есебімен жеңемін. Есейген соң «Үлкен дулыға» турнирлерін ұтып алғым келеді. Мен теннисті ата-анамды, Қазақстанды және әлемді қуанту үшін ойнаймын, - дейді теннистен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған Жақас Қозыбақ.

Қазақ баласы көзге түскен жарыс үлкен теннистегі ірі турнир "US Open"-мен қатар өтті. Ұйымдастырушылар мұны жақсылыққа балап, жастардың болашағына үлкен үміт артты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!