Юрий Красножан: "Бізге өзіміздің ойынымыз маңызды"

Фотография - Юрий Красножан: "Бізге өзіміздің ойынымыз маңызды"

ЕУРО-2016 іріктеу турниріндегі Чехия - Қазақстан матчы алдында қазақстандық бапкер Юрий Красножанның қатысуымен дәстүрлі баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясынан

189 0

ЕУРО-2016 іріктеу турниріндегі Чехия - Қазақстан матчы алдында қазақстандық бапкер Юрий Красножанның қатысуымен дәстүрлі баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясынан.

Юрий Красножан алдымен Қазақстан Ұлттық құрамасының дайындығына жағдай жасағаны үшін Чехия футбол федерациясына алғысын білдірді:

- Дайындық жүргізуге қолайлы жағдай үшін Чехия футбол федерациясына алғысымыз шексіз. Біз үш күн бойы жұмыс істедік, қалпымызға келдік.

Журналистердің сауалдарына жауап бере отыра, Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Чехия құрамасындағы кадрлық мәселелер мен стандартты жағдайларға дайындығы жөнінде айтып өтті.

- Чехия құрамасының кадрлық мәселесі бар екенін білеміз, алайда бізге өзіміздің ойынымыз маңызды. Стандартты жағдай - ойынның бір бөлігі. Әрбір үшінші гол стандартты жағдайдан кейін соғылады. Біз бұл жиынтық бойынша жұмыс істеп келеміз. Стандартты жағдайдан кейін бірнеше гол соқтық. Алайда, жаттықтырушылар құрамы қалағандай жиі емес.

Еске сала кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы Чехия құрамасына қарсы матчын 3 қыркүйектен 4 қыркүйекке қараған түні өткізеді. Тікелей эфирді "Қазақстан" Ұлттық телеарнасынан көре аласыздар. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!