Михаил Кукушкин US OPEN турнирінің үшінші айналымына өтті

Фотография - Михаил Кукушкин US OPEN турнирінің үшінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин US OPEN Үлкен дулыға турнирінің үшінші айналымына өтті

116 0

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин US OPEN Үлкен дулыға турнирінің үшінші айналымына өтті.

Жарыстың екінші айналымында қазақстандық спортшы әлемнің 17-ші ракеткасы Григор Димитровты 6:3, 7:6 (2), 2:6, 4:6, 6:4 есебімен ұтты. Ойын 3 сағат 17 минутқа жалғасқан.

Кукушкиннің келесі қарсыласы жарыстың өткен жылғы жеңімпазы, хорват спортшысы Марин Чилич болмақ.

АҚШ-тың теннистен ашық чемпионаты - Үлкен дулыға санатындағы төрт жарыстың бірі. Ол қазіргі кезде Американың Нью-Йорк қаласындағы жергілікті Ұлттық теннис орталығының кортында өткізіліп келеді. 

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!