Қазақстан Чехиядан екінші рет ұтылды

Фотография - Қазақстан Чехиядан екінші рет ұтылды

Футболдан 2017 жылы өтетін Еуропа біріншілігіне іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Чехия футболшыларымен кездескен Қазақстан ұлттық құрамасы 2:1 есебімен жеңіліп қалды

124 0

Футболдан 2017 жылы өтетін Еуропа біріншілігіне іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Чехия футболшыларымен кездескен Қазақстан ұлттық құрамасы 2:1 есебімен жеңіліп қалды. 

Аталған матч Пльзень қаласындағы "Дусан Арена" стадионында өтті. Ойын басталысымен алаң иелері басымдықты өз қолдарына алған. Чехтар бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен жылдам гол соға алған жоқ.

Ал, жиырма минут бойы қорғаныста ойнаған Қазақстан футболшылары болса бірінші қауіпті шабуылын голға айналдыра білді. Матчтың 21 минутында Бауыржан Исламханның қапталдан көтерген добына бірінші болып Юрий Логвиненко жетіп, Петр Чех күзеткен қақпаға баспен гол соқты. Айта кету керек, Логвиненко осы іріктеу кезеңі аясында өткен екі ойында Чех қақпасына үшінші добын соғып отыр.

Аутсайдер командадан мұндайды күтпеген чехтар мұнан кейін барын салып шабуылға шыққан. Дегенмен, бірінші таймның соңына дейін Красножан шәкірттері қақпаларын голсыз сақтады.

Екінші тайм бастала салысымен қазақстандықтардың есепті еселейтін зор мүмкіндігі болған еді. Бауыржан Жолшиев пен Бауыржан Исламхан қақпашы Петр Чехпен екіге бір шыққан болатын. Алайда, Жолшиев ашық тұрған командаласына пас берудің орнына допты қақпадан жоғары асырып жіберді.

Матчтың 70 минутынан кейін чехтар шабуылды күшейте түсті. 73 минутта Милан Шкода алдымен есепті теңестірсе, ойынның аяқталуына 5 минут қалғанда жеңіс голын соқты, есеп 2:1.

Жеті турдың нәтижесінде Чехия 16 ұпаймен екінші орнын сақтап қалды. Көшті Исландия бастап келеді (18 ұпай). Ал, небәрі 1 ұпайы бар Қазақстан топтың ең соңғы сатысына жайғасқан. 

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!