Жамбылдық дюдошы Елдос Сметов пәтер кілтін алды

Фотография - Жамбылдық дюдошы Елдос Сметов пәтер кілтін алды

Өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев 2015 жылғы дзюдодан әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алған жамбылдық дзюдошы Елдос Сметовпен кездесті. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады

278 0

Өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев 2015 жылғы дзюдодан әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алған жамбылдық дзюдошы Елдос Сметовпен кездесті. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетейік, 24-30 тамыз күндері Қазақстанның елордасында алғаш рет дзюдодан әлем чемпионаты өтті. Оған әлемнің 137 елінен 823 спортшы қатысты. Жамбылдық дзюдошы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Елдос Сметов 60 келіге дейінгі салмақ санатында алтын медальді жеңіп алды.

Облыс әкімі спортшыны жеңісімен құттықтады, мықты денсаулық жәнә әлемдік аренада жаңа табыстарға жетуіне тілектестік білдіріп, жаңа пәтердің кілтін тапсырды. Спортшының алғашқы жаттықтырушысы Ахмет Жұмағұлов пен Қазақстанның ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Ғалымжан Жылкелдиевке К.Көкірекбаев 1,2 млн. теңгенің ақшалай сертификаттарын тапсырды.

Жамбыл облысындағы Рысқұлов ауданының Луговой кентінің тумасы Елдос Сметов 9 қыркүйекте 23 жасқа толуын атап өтеді.  

Елдос спортпен ағасы Жандос Сметовтің үлгісімен 5 жасынан айналыса бастаған. Алты жасында ол 1998 жылы Алматыда өткен республикалық турнирдің жеңімпазы болып, спорттағы алғашқы жеңісіне жетті. Одан кейін ол Астана мен Алматының спорт интернаттарында оқыды. Осы жылдары Е.Сметов жастар арасындағы әлем чемпионы (2010, Марокко), әлемдік жастар чемпионатының қола жүлдегері (2011, ОАР), әлемдік Гран-при қола жүлдегері (2011, Қытай), әлем кубогының жеңімпазы (2011, Өзбекстан), Еуропа кубогының иегері (2013, Польша) болды. Сонымен бірге, ол Еуропа кубогының күміс жүлдегері (2013, Грузия), Гран-при күміс жүлдегері (2013, Түркия), Азия чемпионатының қола жүлдегері (2013, Таиланд), әлемдік Гран-при жеңімпазы (2013, Алматы). «TAK Astana Club» құрамында - Қазақстандағы дзюдо бойынша алғашқы халықаралық клубтық турнир жеңімпазы (Астана, 2013). Бразилиядағы әлем чемпионатына қатысушы (2013). 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!