Бокстан Азия чемпионатының финалына бес боксшымыз шықты

Фотография - Бокстан Азия чемпионатының финалына бес боксшымыз шықты

Бес қазақстандық боксшымыз Бангкоктағы Азия біріншілігінің финалына шықты

168 0

Бес қазақстандық боксшымыз Бангкоктағы Азия біріншілігінің финалына шықты, деп хабарлады Sports.kz.

Боксшы Олжас Сәттібаев Бангкокта өтіп жатқан жарыста ақтық сынға жолдама алған алғашқы қазақстандық болды.

Қарсыласы қырғыз өкілі Азат Усеналиевпен (салмақ дәрежесі -  52 келіге дейін) кездескенде барлық төрешілер қазақстандықты жеңіс тұғырына шығарды. Есеп 3:0 (30:27, 30:27, 30:27). 

81 келі салмақ дәрежеге дейін өнер көрсететін Әділбек Ниязымбетов жартылай финалда ирандық Хассан Шахинимен кездесті.

Әділбек 3:0 (30:27, 30:27, 30:26) есебімен жеңіп финалға шықты.

Данияр Елеусіновтің қарсыласы моңғол  Тувшинбат Бямба осал болмады. Алайда жерлесіміздің күші басым түсті. Есеп 3:0.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жапониялық Дайсуке Нариматсуді  жеңген Зәкір Сафиуллин ақтық сынға жолдама алды.

Жартылай финалда ауыр салмақта өнер көрсететін Иван Дычко Хуссейн Яшаиштен басым түсті. Есеп 3:0 (30:26, 30:26, 30:25).


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!