Қазақстан боксшылары Азия Чемпионатында бес алтын алды

Фотография - Қазақстан боксшылары Азия Чемпионатында бес алтын алды

Бангкокте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында бес боксшымыз бас жүлде иеленді

274 0

Бангкокте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында бес боксшымыз бас жүлде иеленді, деп хабарлайды Today.kz. 


Атап айтқанда,  52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Олжас Сәтібаев финалда өзбек боксшысы Шахобиддин Зоировпен кездесіп айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қапталдағы үш төреші де жеңісті жерлесімізге берген екен. 


Одан кейінгі алтынды команда капитаны Данияр Елеусінов қоржынға салды. Финалдық кездесуде филиппиндік Эумир Марциалға еш мүмкіндік бермей басым болды. 


Үшінші алтынды «Күмісбек» атанып кеткен Әділбек Ниязымбетов еншіледі. Финалдағы қарсыласы өзбек боксшысы Эльшод Расулов жартылай финалда алған жарақатына байланысты бокстасудан бас тартып Әділбекке алтын жүлде бұйырды.


Төртінші алтынды 91 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Василий Левит олжалады. Оның финалдағы қарсыласы өзбек боксшысы Рустам Тулаганов болған еді.

Бесінші алтында аса ауыр салмақтағы Иван Дычко жеңіп алды. Финалдық кездесудегі қарсыласы Қытай жігіті  Янг Жибао жерлесіміздің алдында қауқарсыз боолды.

Одан бөлек Қазақстан қоржынында бір қола мен бір күміс медаль бар.Күмісті финалда Моңғолия өкілі Отгондалай Дорьнямбуудан жеңілген Зәкір Сафиуллин еншілесе , қола медаль Қайрат Ералиевтың еншісінде. 


Сонымен, бес алтын алған Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте көш бастады. Екінші орын екі алтын, бес күміс , бір қоласы бар Өзбекстан құрамасында.Үздіктер үштігіне екі алтын алған ринг қожайындары кірді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!