Әділбек Ниязымбетов Қазақстан қоржынына 5-ші алтын салды

Фотография - Әділбек Ниязымбетов Қазақстан қоржынына 5-ші алтын салды

Ә.Ниязымбетовтың финалдық кездесудегі қарсыласы өзбекстандық Эльшод Расулов жарақатына байланысты шаршы алаңға көтерілуден бас тартқан болатын.

302 0

Бангкокте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Әділбек Ниязымбетов Азия чемпионы атанды.

Айта кетерлігі, Ә.Ниязымбетовтың финалдық кездесудегі қарсыласы өзбекстандық Эльшод Расулов жарақатына байланысты шаршы алаңға көтерілуден бас тартқан болатын.

Осылайша, Қазақстан боксшысы жеңімпаз деп танылып, ел құрамасының қоржынына бесінші алтын түсті. Бұған дейін 52 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген жерлесіміз Олжас Сәттібаев бұған дейін  өзбек боксшысы Шахобиддин Зоировті жеңіп, еліміздің қоржынына алғашқы алтын медаль салған болатын. Одан кейін Данияр Елеусінов Жасөспірімдер арасында 2011 жылы әлем чемпионы болған филиппиндік Эумир Марциалды жеңіп, Азия чемпионы атанған еді. Сондай-ақ Василий Левит те өзбек боксшысы Рустам Тулагановтан айласын асырып, қоржынымызға үшінші алтын салған еді. Ал 91 келіден жоғары салмақ санатында шаршы алаңға шыққан И.Дычко қытайлық боксшы Жибао Вангтан басымдық танытып, Қазақстан қоржыны Иванның  4-ші алтынымен толықты.

Өкінішке орай, 60 келі салмақ санатында шашы алаңға көтерілген боксшымыз Зәкір Сафиуллин 2014 жылғы Азиада чемпионы атанған моңғол боксшысы Отгондала Доржнямбууға есе жіберіп, күміс медальді қанағат тұтқан болатын.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!